Юлия Путинцева Astana Open WTA 250 турнирінің финалына шықты
Жарыстың бірінші ракеткасы болып тіркелген Ю.Путинцева жартылай финалда әлемнің 86-ракеткасы, швециялық Ребекка Петерсонмен шеберлік байқасты.
Р.Петерсон осы дода барысында тағы бір қазақстандық Зарина Диястан айласын асырып кеткен болатын.
Бұл жолы бірінші партияда Юлияның басымдылығы айқын байқалды – 6:2. Ю.Путинцева екінші сетте де 3:1 есебімен алға кетті. Тағы бір брейк – 4:1. Матчқа доп бергенде Петерсон брейк жасап, есепті қысқартты – 3:5. Дегенмен қазақстандық теннисші матчты жеңіспен түйіндей білді – 6:4.
Ю.Путинцева финалда әлемнің 89-ыншы, осы доданың екінші ракеткасы, бельгиялық Элисон Ван Эйтванкпен бас жүлдені сарапқа салады.
-->Жарыстың бірінші ракеткасы болып тіркелген Ю.Путинцева жартылай финалда әлемнің 86-ракеткасы, швециялық Ребекка Петерсонмен шеберлік байқасты.