Astana Open: Анна Данилина екінші айналымға шыға алмады
Дүниежүзілік рейтингте 287-орында тұрған қазақстандық теннисші алғашқы айналымда әлемнің 62-інші, осы жарыстың 3-ракеткасы, франциялық Кристина Младеновичпен шеберлік байқасты.
Бірінші партияда Младенович басымдылық танытты - 6:4. Екіншісінде Данилина тай-брейкте сәттірек ойнады - 7:6 (7:5). Үшінші, шешуші партияда жеңіс франциялық спортшының қанжығасында кетті - 6:4.
Үш сағатқа жуық уақытқа созылған тартысты матчта Данилина 2 эйс жасап, 16 брейк-пойнтттың тоғызын пайдаланды. Қарсыласы 11 брейкке (16 брейк-пойнт) қол жеткізді.
Осылайша А.Данилина жекелей сында жарыс жолынан шығып қалды. Дегенмен ол жұптық сында доданы жалғастырады.
-->Дүниежүзілік рейтингте 287-орында тұрған қазақстандық теннисші алғашқы айналымда әлемнің 62-інші, осы жарыстың 3-ракеткасы, франциялық Кристина Младеновичпен шеберлік байқасты.