Спорт

Қазақстан құрамасы әскерилер арасында әлем чемпионатында екінші орын алды

Құрама қоржынына алғашқы алтынды 49 килоға дейінгі салмақта рингке шыққан Азия чемпионы Теміртас Жүсіпов салды. Ол ақтық сында бразилиялық Консейкао Леандерсты таза жеңді. Осыдан кейін 75 килоға дейінгі салмақта жұдырықтасатын Тимур Нұрсейітов жастар арасындағы әлем чемпионы ресейлік Алексей Семыкинді ойсырата ұтып, екінші алтын медальді жеңіп алды. Абзал Құттыбеков (+90 кг) тағы бір ресейлік Иван Сагайдактан басым түсіп, отандастарымыздан шыққан үшінші чемпион атанды.

Финалға шыққан Дамир Әбдіқадыр (52 кг дейін) ресейлік қарсыласы Дмитрий Двалиден ұтылып, күміс жүлде ие болды.

Ал Жасмин Кизатова (69 кг дейін), Рүстем Шәуменов (56 кг дейін) пен Айтжан Әшірхан (64 кг дейін) қола медаль алды. Жартылай финалда Жасмин бразилиялық Барбара Мария дос Сантостан, Рүстем ресейлік Овик Оганесяннан, Айтжан өзбекстандық Муджибилло Турсуновтан айласын асыра алмады.

Біржан Жақыпов баптайтын Қазақстан жалпыкомандалық есепте Өзбекстанмен бірге екінші орынды бөліссе, Ресей құрамасы (4 алтын, 4 күміс, 1 қола) көш бастады. Еншісінде бір алтыны бар Беларусь боксшылары төртінші сатыға жайғасты. Жалпы бұл бәсекеде 36 елден келген 231 былғары қолғап шебері ерлер арасында 10 салмақта, әйелдер арасында 5 салмақта күш сынасты.

-->