Спорт

11 қазақстандық боксшы Азия чемпионатының финалына шықты

Шри-Ланкада өтіп жатқан 19 жасқа дейінгі боксшылар арасындағы Азия чемпионатында Қазақстан жастар құрамасынан 11 боксшы финалға шықты, деп хабарлады Elordainfo.kz

Аға жаттықтырушы Мақсат Бақтыбазаровтың жетекшілігімен 13 салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен жас спорт шеберлері 11 жолдама жеңіп алды.

Коломбода алтын медаль үшін шаршы алаңға шығатын боксшылар:

Нұрхан Құмарбеков (48 кг);

Досымжан Таңатар (51 кг);

Алдияр Бахадүр (54 кг);

Нығман Нығмет (57 кг);

Әділет Төртубек (60 кг);

Мұхит Нұрқабылұлы (63,5 кг);

Сұлтан Тұрдалы (67 кг);

Жасұлан Бердәлі (75 кг);

Игорь Соловьёв (80 кг);

Расұл Асанханов (92 кг);

Бексұлтан Қайратұлы (92+ кг)

Айта кетейік, жастар арасындағы Азия чемпионатының шешуші жекпе-жектері 22 мамыр күні өтеді.