Жазира Байырбекова «норка шубадан» бас тартқанын айтты
Әнші Жазира Байырбекова «норка шуба» киюден толыққанды бас тартқан, деп хабарлады Elorda.info. Өнер иесі бұл туралы «Ұйқым келмейді» бағдарламасында айтты.
-->
Кей құрбыларым «Неге олай жасадың? Қандай жерде өнер көрсетесің? Ол жерге қалай шубасыз баруға ұялмайсың ба?» деді. Мен қалауым сол екенін айттым. Бұл жерде біріншіден, жануардың терісін тірідей сыпырып жасайтыны үшін. Екіншіден, қымбат сырт киімге қолы жетпейтін отбасылар көп. Сол «шуба» үшін келіспей қалып жатқан отбасылар қаншама? «Менің ата-анама шуба кигізбедің» деген секілді ұрыс-керіс көп екен. Тіпті, сол үшін ажырасып кеткен ерлі-зайыптылар бар екен. Бір жағынан, «шубасыз» өмір сүруге болатынын көрсеткім келді, - деді Жазира Байырбекова.