«Жасы біразға келді, ерсі қылық»: Оқырмандар Алтынай Жорабаеваның биін сынап тастады
Әлеуметтік желіде танымал әнші Алтынай Жорабаеваның көңілді кеште қызу билеп жатқаны түсірілген видеосы таралды. Көпшілік Instagram-да бұл видеоға қатысты өз пікірлерін қалдырған, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Оқырмандардың біразы «әншінің көңілді уақыт өткізгенінде тұрған әбестік жоқ» деген сипаттағы ойларын айтса, бірқатары Алтынай Жорабаеваның бұл қылығын ұнатпағандарын жазды.
«Ішіне жын кірген бе?», «Аздап ішкен шығар», «Жасы біразға келді. Дұрыс билемей ме? Ұят екен. Ерсі қылық», «Би жақсы, бірақ ауызды аша бермеу керек», «Неге өтірік тұмшаланып, өзін керемет қылып көросетеді» деп жазды оқырмандар.
Бұдан басқа жұлдыздар өміріне қатысты «Орамалды қыздың бәрі оңбаған»: Мұхамеджан Тазабек қазақ қоғамына не жетіспейтінін айтты», «Дұғада болыңыздар!»: Әнші Төреғалидың әкесі маңызды мәлімдеме жасады» тақырыбындағы материалдарды оқи аласыздар.