Шоу-бизнес

Жанар Айжанова: Шешесі мен баласының ым-жымы бір болып, түсініспеушілік басталды

Әнші, актриса Жанар Айжанова Adal Adam youtube арнасына  берген сұхбатында елімізде ажырасудың өршу себебі тураыл ойын айтты, деп хабарлады Elorda.info.

Сондай-ақ, ол ер азаматтардың ас үйдегі тірлікке араласатынын, тіпті келіннің айлығына жармасатын ата-енелерді де оңдырмай сыбап алды.

Айта кетейік, мобилограф Қыран Талапбек 2020 жылы әнші Жанар Айжанованың қызы Айжұлдыз Адайбековамен шаңырақ көтеріп, арада көп уақыт өтпей ажырасып кеткен болатын. Қазір олардың Назар есімді ұлы бар.

-->

Тәрбие – тал бесіктен. Отбасыдағы ауызбіршілікті жоғалтып алдық, ортада жапа шегетін балалар. Ең соңында, екі жақ та бармағын тістейді. Бұл қазіргі қоғамның трагедиясы дер едім. Қызға барған жерінде көп қолдау, жәрдем керек. Екі жас үйленгенде, күйеу баладан ештеңе сұралмайды, ал келіннен сұрау көп болады. Сондықтан, екеуін де бірдей мықты етіп тәрбиелеу керек, - дейді әнші.

Сондай-ақ, ол ер азаматтардың ас үйдегі тірлікке араласатынын, тіпті келіннің айлығына жармасатын ата-енелерді де оңдырмай сыбап алды.

Әженің, ененің мектебін жоғалтып алдық. Өзімізде жоқ нәрсені келіннен немесе күйеу баладан талап ететін болдық. Өз үйін тастап, біреудің үйіне барған қыз балаға ол үйдің салт-дәстүрі тұрпайы болып көрінеді. Оған үйрену үшін 2-3 жыл уақыт керек. Сол кезде келін мен баладан гөрі, баласын бауырына тартып отырады. Өз қызымның да басынан өтті. Шешесі мен баласы бір-біріне сай болып, одақ құрып алады. Екеуі қосылып, ым-жымы бір болып түсініспеушілік басталады. Үйіңе келін келгенде, қызыңдай көрмесең де, бір көзің көрмесін, бір құлағың естімесін деген. Екі жақтың да мақсаты – шаңырақтың шайқалмауы, - дейді Жанар Айжанова.