«Жүрегімнің дауасы»: Қайрат Нұртас жұбайы Жұлдыз Әбдікәрімоваға жыр шумақтарын арнады
Қазақстандық мегажұлдыз Қайрат Нұртас өзінің Instagram парақшасында жұбайы Жұлдызды туған күнімен құттықтап, жыр шумақтарын арнады, деп хабарлады Elordainfo.kz.
14 сәуірде Жұлдыз Әбдукәрімова 37 жасқа толғанын атап өтті. Қайрат Нұртас жұбайына деген құттықтау тілегін жыр шумағымен жеткізді.
«Жүрегімнің дауасы
Ұл-қызымның анасы
Лайықты жан өзіме
Дүниедегі жанашыр
Ыстық оттай сезіммен
Заманым тыныш өзіңмен
Жұлдызым туған күніңмен!», - деп жазды ол әлеуметтік парақшасында.
Бұған орай оқырмандар көптеген пікірлер қалдырып, жұбайларға ақ тілегін жаудырды.
«Пах, шіркін, мені құттықтап жатқандай қуанып қалдым ғой! Бақытты болыңыздар», «Қайрат екеуі бір-бірін салса, біз бақыттымыз», «Ана деген атқа лайықты жарыңызды бағалаңыз. Қайрат аға, өмір бойы бақытты болыңыз. Жұлдыз біреу ғана бұл ғаламда», «Жұлдызыңыздың туған күні құтты болсын. Сізбен бірге жарқырай берсін, бір жастықта қартая беріңіздер. Зор жігітсіз ғой, қазағымның қарапайым жігіті. Сізбен суретке түсу арман», «Жұлдыздың жұлдызы жана берсін, қос-қостан бөпелі бола берсін!», «Қайраттың Жұлдызы, туған күніңмен!» деп жазды олар.