Жұлдыз Әбдікәрімова бесінші сәбиін дүниеге әкеліп, сүйінші сұрады
Қазақстандық шоу-бизнестегі танымал жұлдызды жұп Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдікәрімованың бесінші перзенті дүниеге келді. Бұл туралы Elordainfo.kz хабарлайды.
Қуанышты хабарды Жұлдыз Әбдікәрімованың өзі Instagram-дағы парақшасында жария етті. Өнер иесі сәбиімен түскен видеосын бөлісіп, қалың көпшілікті таңғалдырды. Бейнежазбадан актрисаның аяғы ауыр сәті мен баласын құшақтап отырғанын көруге болады.
"Жаңа тынысым" , - деген жазба қалдырды ол.
Желі қолданушылары қуаныш иесін құттықтап жатыр.