«Әйелінің көзіне шөп салғаны үшін»: Криштиану Роналду 99 рет дүре соғу жазасына кесілгені рас па
Криштиану Роналду 3 наурыз күні Азия Чемпиондар лигасы аясында өткен «Эстеглал» – «Аль Наср» матчына қатысқан жоқ. Футбол мегажұлдызы ақпан айында «Персеполиспен» өткен матчты да жіберіп алған, деп хабарлады Elordainfo.kz Sport.rambler.ru-ға сілтеме жасап.
БАҚ өкілдері Криштиану жазаланғандықтан Азия чемпиондар лигасына қатыспады деген болжам жасады. Ол Фатима Хамами есімді мүгедек ирандық жанкүйерімен кездесу кезінде оны құшақтап, сүйген.
Бұл Иран заңдары бойынша ер адамға үйленбеген әйелге жақындауға тыйым салынғандықтан құқық бұзушылық болып саналады.
Бірақ ирандық елшілік өкілі мұндай ақпаратты жоққа шығарды. Сауд Арабиясынан келіп түскен мәліметке сәйкес, ол шаршағаннан ойынға қатыса алмаған.