Шоу-бизнес

Қуандық Рахым кішкентай «Қапқарашкамен» дуэт айтты

Қуандық Рахым Бақытбек есімді кішкентай тыңдарманымен  «Аққуым» әнін бірге шырқады, деп хабарлады Elorda.info. Бұл туралы әнші instagram парақшасында жазды. 

Кішкентай тыңдарманын қуантқан Қуандық Рахым көпшіліктің қошеметіне бөленді. Желі қолданушылар қара балаға сәттілік тілеп, жылы лебізін білдірді.

«Балам, ата-анаң атыңды бекерге Қуандық қоймаған ғой. Кішкентай балапанды қаншалықты қуантып тастадың, жарайсың», «Талабына нұр жаусын балақай», «Қуандық Алла разы болсын! Мына қара баланың мәңгі есінде қалатын болды», «Нотаны қайдам, бастысы жүрекпен тебіреніп айтты», «Қуантсаң - баланы қуант» деген. Өнеріңіз өрлей берсін!», – деп ақжарма тілегін арнады желідегілер.

Айта кетейік, бұған дейін Қуандық Рахым Ақтөбедегі концертінде видеоға түсіп қалған осы балаға әлеуметтік желідегі парақшасында іздеу салған болатын.

-->

«Жеттік-ау, Қапқарашканы таптық, ағайын. Ақтөбе, көп рахмет! Қара балаға тілектеріңізді арнап жіберіңіздер», – деп жазды әнші.