«Туфлиіңді шеш»: Мақпал Жүнісова Гүлнұр Оразымбетоваға ескерту жасады
Қазақ эстрадасының танымал өкілі Мақпал Жүнісова мен әнші, тележүргізуші Гүлнұр Оразымбетованың арасында болған көңілді сәт әлеуметтік желі қолданушыларының назарынан тыс қалған жоқ, деп хабарлайды Elordainfo.kz.
Қазақ эстрадасының танымал өкілі Мақпал Жүнісова мен әнші, тележүргізуші Гүлнұр Оразымбетованың арасында болған көңілді сәт әлеуметтік желі қолданушыларының назарынан тыс қалған жоқ, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Желіде тараған бейнежазбада Мақпал Жүнісова суретке түспес бұрын әріптесіне қалжыңдап: «Туфлиіңді шешші, биік болып кетіпсің», – деп әзілмен ескерту жасаған. Бұл шынайы сәт көпшіліктің көңілінен шығып, жылы пікірлерге себеп болды.
Өз кезегінде Гүлнұр Оразымбетова бұл қалжыңды еркелік ретінде қабылдап, Instagram парақшасында: «Мақпал апайым еркелетіп тұрады. Қазақ сахнасының аңыздарымен бірге жүргеніме қуаныштымын», – деп жазды.
Екі өнер иесінің арасындағы бұл достық сәт желі қолданушылары арасында оң әсер қалдырып, шоу-бизнес әлеміндегі шынайы қарым-қатынастың үлгісіне айналды.