Шоу-бизнес

«Тілектерсіз...»: Танымал блогер үйлену тойы қалай өтетінін айтты

«Тілектерсіз...»: Танымал блогер үйлену тойы қалай өтетінін айтты

Сонымен қатар блогер өз сөзінде, тойды тілектерсіз жасауды жоспарлап отырғанын атап өтті.

-->

Қазір тойға дайындықты бастап кеттік. Бұрынғыдай тойға шақыртуды үйлеріне барып таратпайсың. Онлайн түрде жібере саласың. Мен өзіме қатысты тірліктерді шешіп жатырмын. Ата-анам өзіне қатысты жұмыстарды атқарып жатыр. Құдалықта беретін сыйлықтарын алып жатырмыз, - деді ол. 

Сонымен қатар блогер өз сөзінде, тойды тілектерсіз жасауды жоспарлап отырғанын атап өтті.

Тойды тілектерсіз жасасам деп отырмын. Тойымды өнерлі достарым көтеріп алады. 450-500 адам келеді. Үйлену тойыма көп қаржы жұмсасам да, ұйымдастыру жағы достарымның мойнында. Олар барынша қолдау көрсетіп, көмектесіп жатыр. Жігіт жолдас Жансерік Қадырбаев болады, - деді Марқұлан Әден.