Танымал журналист Ирина Тен күйеуіне жан тебірентер жазба арнады

Танымал журналист Ирина Тен instagram желісінде күйеуіне жан тебірентер жазба арнады. Бұл туралы Elorda.info.kz хабарлайды.
Ол отбасылық қарым-қатынасында қолдау білдіретін жұбайын ризашылығын білдірді.
32-ге келіп түйгенім Махаббат - ол құшақ-құшақ гүл мен сыйлықтар емес.
Махаббат - ауырғанда қамқор болып, бірге ем іздеу. жабыққанда үнсіз ғана құшақтау. Сен демалсын деп, түнімен ұйықтамай баланы тербетіп отыру. Өзінің шаруасы басынан асып тұрса да, сенің бойыңдағы тұлғаның көлеңкеде қалмауын тілеп, ісіңді қолдау. Ақылдасу, әңгімелесу, әзілдесу. Бірге кино көру, бірге балаларды ойнату. Көлікте бірге ән шырқау. Еркін болу. Керек, құнды және сүйікті адам екеніңді сезіну. Бұл - өмір. Ал өмірде түрлі жағдай болады. Бастысы жаманды да, жақсыны да бірге көру. Махаббат ол айта білу, тыңдай алу. Түсіну мен қабылдау. Барға шүкір айтып, жоққа сабыр ету. Ортақ құндылықтар… Сол махаббат мен үшін. Ал, гүл және одан басқасы - қуаныш сыйлау құралдары. Келісесіз бе?
Оқырмандары жылы лебізін білдіріп жатыр.
Ирина жаңа жасың құтты болсын!!! Жұбайың мен балаларыңның ортасында бақытты ғұмыр кеш. Махаббаттарың баянды болсын. "Қара сөзің"-тамаша түсінігі мол, терең мағыналы сөз ғой.Қуаныш сыйлау құралдары да жүрекке жылу сыйлайтыны да керек екені рас,- деп жазды көрермен.