Танымал шахматшы Жансая Әбдімәлік сәби сүйді
Белгілі шахматшы Жансая Әбдімәлік ана атанды. Бұл туралы ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлады Elordainfo.kz.
«Құрметті достар. Құттықтауларыңыз бен тілектеріңізге рақмет. Сәби екеуіміздің жағдайымыз жақсы. Сіздердің әрқайсысыңызға денсаулық, махаббат және қуанышты сәттер тілейміз», - деді шахматшы.
Оқырмандар Жансаяға жылы лебіздерін білдіріп жатыр.
Баланың бауы берік болсын, - деп жатыр олар.