Танымал медиажұлдыз Динара Сәтжан Сарыағашта келіндік міндетін атқарды
Динара Сәтжан жақында тұрмысқа шығуға жасалған ұсынысты қабыл алғанын айтқан еді. Өткен демалыста тележүргізуші қайын жұртына барып келіндік міндетін атқарып келді. Бұл туралы оның Instagram-да жариялаған бейнежазбасынан мәлім болды, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Танымал медиажұлдыз онда абысындарымен бірге ет асып, жайма жайып жатқанын көрсетті.
«Абысындардан мастер-класс», - деп жазды Динара Сәтжан видеоға түсініктеме ретінде.
Сол видеода оның бірнеше абысындары белгілеген. Олардың барлығы - Forbes тізіміне енген миллиардер Жұмабек Жанықұловтың жеңгелері мен келіндері. Осыдан-ақ тележүргізушінің кімге тұрмысқа шыққанын желі қолданушылары біліп қойған.
Бейнежазбаға оқырмандар «Сарыағаштың келіні болып дұрыс болған екен», «Абысын тату болса ас көп», «Сіргеліге келін», «Динаражан, бақытыңыз баянды болсын» деп жазды.