Шоу-бизнес

Танымал блогер өсек айтатын ер азаматтарды сынап тастады

Танымал блогер, жағдайы төмен отбыларға үй алып беріп жүрген Ырысбала Икрамбай ұсақталып кеткен ер азаматтар жайлы айтты, деп хабарлады Elorda.info.

 

Ол нағыз ер азамат қандай болатынын да айтты.

-->

 

Шешесінің етегінің астынан шықпаған, бір қатынның жағдайын жасай алмайтын, бірақ біреудің қатынымен салғыласып отыратын еркектер қанымды қарайтты. Өзі тірлік істей алмайды, бірақ басқаға тағар айыбы көп ынжық еркектер көп. Барлығына бірдей топырақ шашпаймын. Сөз иесін табады, - деді ол.

Ол нағыз ер азамат қандай болатынын да айтты.

Нағыз еркек еңбек ету керек. Отбасы мен бала-шағасының жағдайын жасап, адал маңдай термен ақша табуы қажет. Өз орнын біліп, намысты биік қоятын ер азаматтарды құрметтеймін. Басқаларың үре беріңдер! Мен иттің тілін түсінбеймін, - деді блогер.