Шоу-бизнес

«Таңғалмаймын..»: Меруерт Түсіпбаева Бишімбаев ісіне қатысты пікір білдірді

Өткен аптада әлеуметтік желіде экс-министр Қуандық Бишімбаевтың Астанадағы мейрамханалардың бірінде әйелін ұрып өлтіргені туралы хабарлама тарады. Осы оқиғаға қатысты әнші Меруерт Түсіпбаева өзінің Instagram парақшасында пікір білдірді, деп хабарлады Elorda.info.

 

Әнші Қуандық Бишімбаев пен оның қайтыс болған әйелінің суретін жүктеген, бірақ олардың бетін жауып қойған. 

-->

 

Соңғы кезде қазақтың еркексымақтары қазақтың әйелдерін ұрып-соғып, зорлап, өлтіру фактілерін көбейтіп жатыр. Одан кейін қоғам біздің қыздарды басқа ұлтқа шықтың деп даттайды. Масқара, сонда маңайындағылар араша түспей, қарап тұрған ба?! Неткен жауыздық?! Араша түсетін бір адам болмаған ба?! Байғұс әйелдің жаны шыққанша ұрып-соғу – айуандық. Марқұмның аяғы ауыр болған деген де мәлімет бар. Зорлыққа жол жоқ, – деп жазды актриса. 

Әнші Қуандық Бишімбаев пен оның қайтыс болған әйелінің суретін жүктеген, бірақ олардың бетін жауып қойған. 

Беттерін неге жаптым?! Мұндай адамдар ертең тайқып шығады. «Маған өзі атылды, мен тек өзімді қорғадым, жай итеріп қалып едім, шалқасынан түсті, өліп қалды» десе, таңғалмаймын. Сот өтіп, кінәлі деп танылғанға дейін ешкімнің бетін көрсетуге құқығымыз жоқ. Өйткені оның нақты кінәлі екенін сот жүйесі ғана анықтай алады. Қатаң заң қажет!, – деді әнші.