Шоу-бизнес

Тәуекел Мүсілімнің үшінші ұлы дүниеге келді

Танымал актер Тәуекел Мүсілім үшінші рет әке атанды. Ол бұл туралы Instagram парақшасында жазды, деп хабарлады Elordainfo.kz. 

Белгілі актер желіге әйелімен бірге түскен суретті жариялады.

«Аллаға сансыз шүкірліктер мен мақтаулар болсын. Махаббат екеуміз 3 ұлдың ата-анасы болдық. Жарайсың жаным!»,- деп жазды актер.

Тәуекел Мүсілімнің дос-жарандары әлеуметтік желіде жылы лебіздерін білдіруде.

«Қазақ еліне +1 батыр», «Батырдың бауы берік болсын», «Құттықтаймын»,- деп жазып жатыр.