«Төреғали жаман дегенде...»: Нұртас Айдарбеков атышулы әншінің ісіне қатысты пікір білдірді
Қайрат Нұртастың әкесі Нұртас Айдарбеков өзінің Instagram парақшасында есірткілік мас күйде көлік жүргізіп, жол ережесін бұзған Төреғали Төрәліге қатысты пікір білдірді, деп хабарлады Elorda.info.
Оқи отырыңыз: «Тілімді қышытпай отырыңдар!»: Төреғали Төреәлінің қарындасы жұртқа доқ көрсетті
Айта кетейік, Төреғали Төрәлі есірткілік мас күйде көлік басқарып қана қоймай, патрульдік көлікке шабуыл жасаған. Әншінің тәртіпке бағынбауының салдары жол апатын тудырып, көліктер механикалық зақымданған.
Полицияның мәліметінше, сараптама нәтижесі көлік жүргізушінің есірткіге мас болғанын көрсетті. Ол есірткіге мас күйінге ұсталғанына байланысты 20 тәулікке қамауға алынып, 7 жылға көлік айдау құқығынан айырылды. Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.
-->
Айналайын ағайын! Сөге жамандамаңыздар. Ата менен ана баланың өзін туғанымен мінезін тумайды. Айтыңыздаршы қай ата-ана балам жаман болсын деп тәрбие береді екен? Қой ақсағымен 1000 деген қазақ, Төреғали жаман дегенде бізге жақсысын кім береді? Барымызды түзеп жолға салуымыз керек ағайын. Мен сіздерді жақсы түсінемін, сіздер де бүгінгі жағдайды түсініп қарасаңыздар екен деген мендегі ниет. Онсызда бұл бала, өзіне тиесілі Алланың жазғанын көріп жатыр. Жығылғанға жұдырық деп, онсызда езіліп отырған ата-анасының жүрегіне сызат салудың қажеті жоқ деп ойлаймын.Ағайын, ертең қай-қайсымыздың болса да алдымызда не күтіп тұрғаны бір Аллаға мәлім. Ата-ананы Алла баласымен сынамасын!,- деп жазды танымал музыкант.