Сиви Махмуди мұрыны мен кеудесіне ота жасатқанын айтты
Әнші Сиви Махмуди мұрыны мен кеудесіне ота жасатқан. Өнер иесі «Қызықты weekend »бағдарламасында денесіне өзгеріс енгізу себебін түсіндірді, деп хабарлады Elorda.info.
Сонымен қатар әнші кеудесіне де ота жасатқанын жасырмады.
Еске сала кетейік, осыған дейін Сиви Махмуди күйеуімен ажырасу себебін айтқан болатын.
-->
Кішкентай кезімнен дұрыс демала алмайтынмын. Денсаулығыма байланысты шешім қабылдау керек болды. Ота жасатып, мұрынға қатысты мәселені шешкенде, Шымкентте жол апатына түсемін. Көліктің алдында отыр едім. Тура мұрыныммен соғысамын. Отадан кейін бір ай өткен кез еді. Сосын мұрыным қайта сынады.
Көлік соғысқанда, есік ашылмай қалды. Мұрынымнан қан кетті. Есімді жинай алмай жатырмын. Ешкімге соғыспадық. Көлік арыққа кіріп кетеді. Жақын жерде жедел жәрдем бар екен. Солар көмек көрсетті. «Сынды» деді. Мен өз дәрігеріме хабарласып, Өзбекстанда қайта ота жасаттым, - деді Сиви Махмуди.
Сонымен қатар әнші кеудесіне де ота жасатқанын жасырмады.
Кеудеме ота жасаттым. Ол мұрынымның алдында болды. Мен кеудемді үлкейтпедім. Бұрыннан бар дүние. Кеудеме киста шыққан. Соны алдырып, кеудемнің пішінін қалпына келтірдім. Босанған әйелміз ғой. Бірақ кеудені үлкейту деген нәрсе болмады, - деді әнші.
Еске сала кетейік, осыған дейін Сиви Махмуди күйеуімен ажырасу себебін айтқан болатын.