Шаһизада даяшыға бетін сүйгізем деп сөзге қалды
Белгілі әнші Шаһизада төртінші немересінің дүниеге келгенін мейрамханада достарымен атап өткен сәтін көпшілікке көрсетіп, сынға ұшырады, деп хабарлады Elorda.info.
Видеодан даяшы жігіттің әншіні тамақтандырып, сосын ауызын сүртіп бергенін байқауға болады. Осыдан соң даяшы жігіт Шаһизаданың бетін сүйеді.
Ал желі қолданушылары әншінің бұл видеосына түрлі пікір білдірді.
Айта кетейік, осыдан бірнеше күн бұрын Шаһизада төртінші немересінің дүниеге келгенін айтып, көпшіліктен сүйінші сұраған болатын.
-->
Кеше немеремді аман-есен шығарып алып, достарыммен мейрамханаға бардық. Алматы мен басқа қалаларда қанша мейрамханада тамақтанып жүрміз. Бірақ бұдан бұрын даяшылар «келген қонаққа қызықты болсын деп» дәл осылай тамақтандырмаған еді, - деп жазды Шаһизада Instagram парақшасында.
Видеодан даяшы жігіттің әншіні тамақтандырып, сосын ауызын сүртіп бергенін байқауға болады. Осыдан соң даяшы жігіт Шаһизаданың бетін сүйеді.
Ал желі қолданушылары әншінің бұл видеосына түрлі пікір білдірді.
"Жасыңа сай емес", "Неғұрлым көңілді жүрген сайын Алла өмір жасыңды ұзартады. Мен де Шаһизаданың құрдасымын. Әндетіп, билетіп, күліп ойнап жүргенді жаным сүйеді. Жасына қарайтын ештеңе жоқ, қыздар әрдайым жас көрінсін", "Ұят қой", "Ерсі көрінеді", - деп жазды желідегілер.
Айта кетейік, осыдан бірнеше күн бұрын Шаһизада төртінші немересінің дүниеге келгенін айтып, көпшіліктен сүйінші сұраған болатын.