«Үш жылдың жемісі»: Ерке Есмахан Raim-мен отау құрғандарына үш жыл толғанын айтты
Танымал әнші Ерке Есмахан отбасы құрғандарына үш жыл толғанын айтып, өзінің Instagram-дағы парақшасында отбасындағы бақытты сәтімен бөлісті, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Танымал әнші Ерке Есмахан отбасы құрғандарына үш жыл толғанын айтып, өзінің Instagram-дағы парақшасында отбасындағы бақытты сәтімен бөлісті, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Сонымен қатар өнер иесі отбасылық фотоларын жариялады.
«Раим екеуміздің шаңырақ көтергенімізге үш жыл болып қалды. Сол үш жылдың жемісі, міне, осы суреттерде. Алла бағымызды еселеп, қол жайып тілегенімізді молынан нәсіп етіп жатыр. Жаратқанға сансыз шүкір айтамыз. Бақытты болыңыздар! Біздің отбасымызға тілекші, кең пейіл, ақ жүрек оқырмандарым», – деп жазды әнші әлеуметтік желіде.
Желі қолданушылары өнерлі отбасына ақжарма тілектерін жаудырып жатыр.
«Қандай керемет сәт», «Қаншама сөзге қалса да, махаббаттары жеңіп шықты», «Балаларың аман болсын», «Енді қыз туып ал», «Батырлардың ұрпағын көбейте бер», – деп жазды көпшілік.