Шоу-бизнес

Серікзат әйеліне қазақ тілін үйретті – Тұрсынбек Қабатов

Тұрсынбек Қабатов Серікзат Дүйсенғазының әйелімен қалай танысқаны жайлы айтып берді, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Бұл туралы өнер иесі «Құрмет» орденінің иегері, ақын Серікзат Дүйсенғазыға арналған Jibek Zholy телеарнасындағы «Жақсы адамдарым» жобасының кезекті шығарылымында баяндады.

«Біз де жас болдық. Бойдақ кезіміз. Бәріміз кафеге қыздарымызбен жиналамыз. Серікзат Айнұрмен келетін. Айнұр көп сөйлемейді. Бір күні Айнұр: «Серікзат, я пошла домой» деді. Досымыз: «Пошласы несі, қазір бірге пошла боламыз» деді. Біз оларға «Екеуің қалай түсінесіңдер? Біреуің орысша, енді біреуің қазақша білмейсіңдер» деп айтатынбыз. Ер-азаматтар әйелдеріне еріп, орысша сөйлеп кетеді ғой. Бірақ Серікзат керісінше әйеліне қазақ тілін үйретті. Тіпті қазір Айнұр қазақшаны Серікзаттан артық біледі. Балалары да қазақ тілін жақсы біледі әрі сөйлейді», - деді өнер иесі.