Шоу-бизнес

«Сенбеңіздер»: Әнші Raim оқырмандарына мәлімдеме жасады

Танымал әнші Raim өзінің Instagram парақшасында оқырмандарына мәлімдеме жасады, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Әншінің айтуынша, оның атынан өзге әлеуметтік желіде жалған парақшалар ашылған.

«Менде TikTok қосымшасы және TikTok парақшасы жоқ. Менің атымнан сурет, видео салып немесе менің атымнан сөйлеп, жауап беріп жатқан адамдарға сенбеңіздер. Raim деген парақшалардың ешқайсысына менің қатысым жоқ», - деп жазды әнші.