"Сен кішкентай баланың тірлігін жасадың": Димаш желіде қазақ тіліне қатысты жазба жапиялады
Әнші Димаш Құдайберген өзінің Instagram парақшасында қоғамдағы тіл мәселесіне қатысты пікір білдіріп, қазақ тілін менсінбеушілікке қарсы ойын ашық айтты.
Димаш Құдайберген Instagram желісіндегі сторисінде:
"Біз, қазақтар, әлемнің барлық тілін құрметтейміз. Бірақ құрмет – ең алдымен өзіңнен басталады. Өз тілінен өзге біреудің мақұлдауын алу үшін ұялатын адам сөзін емес, тамырын жоғалтады", – деп жазды.
Сондай-ақ Димаш жазбасында белгілі сарапшы Олжас Байділдиновке қатысты пікір білдірді:
"Сен қорқақ кішкентай баланың тірлігін жасадың", – деп сын айтты әнші.