Рахат Тұрлыханов әйелін ұрып - соққаны үшін сот алдына келді
Алматы қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты ұрып-соғу дәйегі бойынша Рахат Тұрлыхановқа қатысты әкімшілік істі қараған, деп хабарлады Elorda.info
Соттың баспасаөз қызметінің жазуынша экс-әнші отбасылық жанжал кезінде өз әйелін ұрып соққан.
Заң талабына сәйкес, яғни ӘҚБтК-нің 73-2 б. (1-1 б.) бойынша көзделген әкімшілік құқық бұзушылық үшін - ескерту немесе 10 тәулікке әкімшілік қамаққа алу көзделген.
Алайда жәбрленуші тараппен яғни әйелімен айыпкер арасында өзара татуласу болған соң сот қаулысымен ол ӘҚБтК-нің 73-2 бабы 1-1 бөлігі бойынша әкімшілік құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі танылып ол ескерту түріндегі әкімшілік жазаға тартылды.
Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.
-->Соттың баспасаөз қызметінің жазуынша экс-әнші отбасылық жанжал кезінде өз әйелін ұрып соққан.
Сотпен анықталғаны, өткен жылдың желтоқсан айында Т., үйінде болған кезде жанжал шығарып, оның барысында әйелін ұрып-соққан. Сот отырысында Т. өз кінәсін мойындап, істеген ісіне өкініш білдірді, өзара татуласуға байланысты, соттан іс жүргізуді тоқтатуды сұрады.
Әйелі іс материалдарында көрсетілген дәйектерді растап, оның Т-мен татуласқанын хабарлады, - деп жазды дереккөз.