Шоу-бизнес

Рахат Тұрлыханов қамауға алынды

Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі  Рахат Тұрлыхановқа қатысты ұрып-соғу дерегі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық бойынша істі қарауды аяқтағанын мәлімдеді. 

Естеріңізге сала кетейін, бұған дейін Тұрлыхановтар отбасында көптеген жанжалдар орын алып, халық арасында Рахаттың ағасы, Мәжіліс депутаты Дәулет Тұрлыханов мандатын тапсыруы тиіс деген де пікірлер айтылған.

Дариға ҚҰРМАНӘЛІ

-->

Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі  Рахат Тұрлыхановқа қатысты ұрып-соғу дерегі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық бойынша істі қарауды аяқтағанын мәлімдеді. 

Бұған дейін бірінші сатылы сот Р.Тұрлыхановқа қатысты әкімшілік ескерту туралы қаулы шығарған. Аталған материалды қарау барысында, сот алқасы бұрын жұбайын бірнеше рет ұрып-соғу фактілерін ескеріп, бірінші сатылы соттың тағайындаған жазасын өзгертті.  Алматы қалалық сотының алқасы, МАӘҚС алдыңғы қаулысын өзгертті.  Сот алқасының қаулысымен Р.Тұрлыхановқа қатысты жаза - ескертуден, 10 тәулікке әкімшілік қамаққа алуға өзгертілді – деп жазды дереккөз.    