Шоу-бизнес

«Отбасымызға адал болсын»: Гүлзира Айдарбекова келініне қымбат сыйлық жасады

Ол келіні Индираны 21 жасқа толған туған күнімен құттықтап, сыйлыққа сырға сыйлаған. Айдарбекованың келініне деген ақ тілегін Instagram желісіндегі парақшасында жариялады. 

Ол жариялаған видеодан өзі және жолдасы мен ұлы Заңғардың Индираны туған күнімен құттықтап, құшақ-құшақ гүл мен түрлі сыйлықтар табыстап жатқанын көруге болады.  

Желі қолданушылары да Заңғардың келіншегін туған күнімен құттықтап, «Атасы қандай күшті. Барлық келінін «қызым» деп жүреді», «Келіннің туған күні құтты болсын», - деген тілектер жазып жатыр. 

-->

Бүгін Индира келініміздің шаңырағымыздағы алғашқы туған күні. Алла бақ берсін! Үлкен әулетті отбасына айналып, әрбір қуанышымыздың себепкері болып, Заңғар екеуі арман-мақсаттарына жетуін Алла жазсын. Ең бастысы, мен армандағандай, туған қызымдай, отбасымызға адал болсын", - деп жазды Айдарбекова. 