Шоу-бизнес

«Онлайн қонақ болу – 1380 теңге»: Сәкен Майғазиев ұлының тойын тікелей эфирде көрсетеді

Әнші Сәкен Майғазиев өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында ұлының үйлену тойын онлайн көруге тіркеу ашты, деп хабарлады Elordainfo.kz.

«Әділет пен Әдияның тойына онлайн қонақ болу үшін тіркелу басталды» - деп жазды ол. 

Берілген сілтемене басқанда  «Майғазиевтер отбасындағы қуаныш» атты телеграм-арна ашылады. Онда тіркелушінің аты-жөні мен телефон нөмірі сұралады. Одан бөлек тіркелу үшін 1380 теңге төлеу қажет. 

Дегенмен Сәкен Майғазиевтің өзі әлі не үшін тойды тікелей эфирде көрсетінін түсіндірген жоқ. 

Бірақ журналист Анна Данченко өзінің әлеуметтік парақшасында тойды көру не үшін ақылы екенін түсіндірді. 

«Дұрыс түсініңіздер, мұны мен жасап жатқан жоқпын. Ұйымдастырушылар жасап жатыр. Тікелей эфирде тойды көрсету үшін арнайы рұқсат алу керек. Оның ақшасы бар, одан кейін серверге тапсырыс беру керек. Көрсетілім соммасы 1 мың теңгеден астам. Ол ақшаны Сәкен аға өзіне немесе отбасына жаратпайды. Жиналған ақша камералармен түсіретін ұжымға төленеді»,- деді ол.