"Көңілің кетті ме": Дариға Бадықованың күйеуі ажырасуы туралы айтты
Жақында актер Дархан Мұсаев бұрынғы әйелі Дариға Бадықовамен қарым-қатынасы жайлы «Уақыт көрсетеді» арнасында Нұрсейіт Жылқышыбайға берген сұхбатында айтты, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Дариға Бадықованың бұрынғы күйеуі Дархан Мұсаев әйелімен қарым-қатынасының қалай бұзылғаны туралы сөз қозғады. Оның айтуынша, Дариға Бадықова Олжас Абаймен танысқаннан бастап өзгере бастаған. Әйелінің мұндай өзгерісін байқаған ол "Көңілің кетті ме?" деп бірнеше рет сұрағанымен, мардымды жауап алмаған.
«Бір-ақ нәрсені кешірмеймін. 2023 жыл. "Хотя бы в кино 2" фильмі Таиландта түсірілген уақыт. Сол кезде бұл сол фильмге түсуге кетеді. Мен де жұмыс барысымен басқа мемлекетке кетемін. Сол кинодан кейін бір нәрсені сезе бастадым. Бірақ білдіртпедім. Ананы айтады, мынаны айтады. Ойбай, Олжас деген керемет адам екен, оған көмектесейік дейді. Біз мына өнерде PR-ды дұрыс пайдаланайық, оны емдетейік те. Мен енді қаншама әртіспен серіктес болдым, енді маған осы Олжаспен болсақ, танымалдыққа, армандаған ойымызға жетеміз. Сенің атыңнан киностудияға ЖК ашайық, мына Олжасты емдейік деп ерекше айтты. Сондай қызық көрінді. Жарайды дедім де, өтірік дым білместің рөлін ойнап жүрдім.
Актрисаның бұрынғы жолдасы барлық ақпаратты жинап жүргенін мәлімдеді.
Қай жерге дейін барады дедім. Сосын "Таптым-ау, сені 1" фильмін түсіретін болып шешеміз. Қазақстанға келеді, жұмыс тағы да басталып кетеді. Тағы да одан әрі өріп бара жатыр. Маған олардың тірліктері ұнамай бастайды. Жарайды, "күтейінші" дедім. Енді ер азаматпыз ғой, өзінің әйелін қызғанбаған ер азамат азамат емес деген, сондай намыс та бар. "Дариға, осы сен Олжас, Олжас дей бересің, сені қызғанып бара жатқаным емес, отбасымыз бар, сенің не көңілің кетіп қалды ма дедім. Ойбай, мен қайтемін деді. Оған сендім. Тағы да жүрміз...
Оның күдігінің ұлғаюына Олжас Абайдың одан қашқақтай бастауы себеп болған. Осыдан секем алдым дейді актер.
Бір күні киноның түсірілімі басталды. Барсам, ана Олжас менен теріс айналып, қашып жүр. Бәрін біліп жүрмін. Әй, жарайды, мұны да көрейінші дедім», – дейді әртіс Дархан Мұсаев.
Оның айтуынша, Дариға Бадықова күйеуінің фильмнің жұмыстарымен айналысқанын қаламаған. Тіпті, түсірілім алаңына келуіне тыйым салған.
«Сыртқы ғана емес, ішкі жұмысқа да араласайын десем, Дариға менің келуімді еш қаламады. Ол былай деді: "Сен келмеші, мен ойнай алмай қаламын, Олжас та қорқады» деді. "Маған мұның ұнамай тұр. Шынынды айтшы, көңілің кетіп қалды ма?" дедім. Ол «Ойбай» деп аздап ашуланды. Сосын мен оған сендім. Сөйтіп, мен сыртқы жұмыстарды бітіріп жүре бердім.
Актердың сөзінше, бір күні Олжас Абай Дариға екеуімен бірге тұра бастайды.
Бір күні Олжас тәртіп бұзды, содан оны үйге алып келдік. Олжас екеуміз бір жерден (Талдықорғаннан) боламыз, жерлеспіз. Ол мені «старшак» деп сыйлайтын. Одан ақырын сұрап едім. Ол «ой, братан, жоқ ондай» деп сендірді. Фильмнің премьерасын 1 желтоқсанға қойдық. Соған 1,5-2 ай қалған уақытта Умраға қажылыққа барып келдім. Сол кезден бастап мені фильмнің жұмысына араластырмайды. Дариға үйге аптасына 2-3 рет қонуға келеді. Мұның себебін білу үшін тағы да Дариғаға звондадым. Аздап қаттырақ сөйлестім. Бұрынғысынан да қатты айқайлап сөйледім. Түсінбедім, - деп ашынды актер.
Осылай шырғалаңнан шыға алмай жүргенде фильмнің тұсаукесері болатын уақыт келіп, Бадықованың фильмі кассаны жақсы жинайды.
Сөйтіп жүргенде, киноның премьерасы басталады. Соған бардым. Премьераға барғанда Олжасты көрдім. Бірақ ол менен қашқақтап жүргенін байқадым. Менімен амандасқан жоқ. Кейін олар басқа қалаларға премьерасын өткізуге кетті. Мен бармадым. 2 апта ішінде «Таптым ау сені» 1 миллард теңге жинады. Содан бастап ол өзгерді. Сөйтіп жүргенімізде, кино көрсетілімі аяқталып тоқтады, нәтижесінде 1 миллард 850 миллион теңге жиналды. Сол кезде мүлде көрмеген Дариғаны көрдім. Ол маған: «Дархан, мен саған келемін, сосын сөйлесейік» деді. Келді. «Мен мамамдарды, бәрін асырап шаршадым. Мен өзім кетейінші. Шетелге кетейінші» деді.
Актер осы сәтте әйеліне қатысты күдік бойын билеп алғанын айтады.
Бұл әңгіме неге қазір айтылып жатыр? Әлде Олжасқа көңіл бар ма? деп сұрадым. Ол ашуланды. Кетіп бара жатқанда мен оған «Сенің байлығың, менің шайлығым. Сенің ақшаң да керек жоқ. Егер Олжас үшін кетіп бара жатсаң, мен сені кешірмеймін» дедім, - деп сөзін аяқтады актер.