Шоу-бизнес

«Қолға алу керек»: Саят Медеуов тоқал алуға қатысты өз ойын айтты

Өзінің өмірі жайлы сыр шерткен отандық әнші Саят Медеуов «Ұйқым келмейді» бағдарламасында тоқтал алуға қатысты өз пікірін білдірді, деп хабарлады Elorda.info.

 

Бағдарлама жүргізушісі  өнер иесіне «Өз айтқан сөзіңізді іспен дәлелдеп жүрсіз бе?» деген сұрақ қойды. 

 

-->

 

Асырай алса, қолдан келсе, тоқал алуға болады. Басқа ұлтқа қазақ қызын тұрмысқа бергеннен гөрі, қазақ жігіттері алып, асыраған дұрыс қой. Өз жерімізге пайдамызды тигізуіміз керек. Тым болмағанда қазақ қыздарын асырау керек шығар. Мемлекеттік тұрғыда жігіттерге қаражат бөлу керек деп ойлаймын. Сонда ғана қазақтың саны көбейеді деп ойлаймын, - деді әнші.

Бағдарлама жүргізушісі  өнер иесіне «Өз айтқан сөзіңізді іспен дәлелдеп жүрсіз бе?» деген сұрақ қойды. 

Жеке басымның мәселесі болған соң айту міндет емес деп ойлаймын. Бірақ жалпы оған қарсымын деп айта алмаймын. Болашақ үшін керек. Қазірден қолға алу керек. Кейбіреуі ренжіуі мүмкін. Басқалар «Бір-екі баламен қазақтың саны көбейе ме? деп айтуы мүмкін. Біз бір баладан көбейдік. Бір бала болса да, қазаққа пайдасы тиетін азамат болса екен,- деді Саят Медеуов.