Шоу-бизнес

«Ойланып жүргенде уақыт өтіп кетті»: Сәдуақасова жаңа әні туралы айтты

Көпке танымал эстрада әншісі Мәдина Сәдуақасова жаңа әні қалай аталатыны белгілі болды, деп хабарлады Elorda.info.

 

Бұл туралы ол «Таңшолпан» бағдарламасына берген сұхбатында айтты.

-->

 

Бұл туралы ол «Таңшолпан» бағдарламасына берген сұхбатында айтты.

Жаңа әнімнің шығуына екі күн қалды. Мен ән шығармай кеткеніме көп уақыт болды. Жарты жылдан да көп. Ол мен үшін өте көп. Ізденіс болды. Өз әнімді іздеп, ойланып жүргенде уақыт өтіп кетті. Сосын осы «No Problem» әнін естігенде шынымен проблема болмаса екен деп ойлап қалдым. Қазір көбінесе жастар кішкентай мәселені үлкен проблемаға айналдырып жібереді. Кейін оның мәселе емес, өмірдің бір кезеңі екенін түсінесің. Енді екі күн қалды. Өзім де әнімнің шығуын тағатсыздана күтудемін. Кішігірім «mood video» түсірдік. Қазір бейнебаян түсірмейді екен, - деді әнші.