Әнші Заттыбек Көпбосынұлының отбасы қара жамылды
Белгілі әнші Заттыбек Көпбосынұлының әкесі өмірден өтті, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Қаралы хабарды өнер иесі өзінің Instagram-дағы парақшасында жазды.
«Қош бол ӘКЕ!
Анашыма сәлем айта барыңыз.
Бізде бәрі жақсы де.
Ең үлкеніміз 63-тен асты де,
Ең кішкентай шөберең
Енді бірден асты де.
Шүкір де,
Біз өсірген ұл-қыздар
Бәрі бүгін өсті де...
Ақымыз болса кешіңіз ӘКЕШІМ!» - деп жазды ол.