Шоу-бизнес

Әнші Мөлдір Әуелбекова әкесіне көлік сыйлады

Белгілі әнші Мөлдір Әуелбекова әкесіне су жаңа көлік сыйға тартты. Әнші қуанышты жаңалығын Instagram желісіндегі парақшасында бөлісті, деп хабарлады Elordainfo.kz

Мөлдір Әуелбекова тосынсый жасау үшін әкесін үйіне тамаққа шақырған.

«Дәл қазір эмоцияға толы сәт болады. Себебі мен әкеме кезекті жаңа көлігін сыйлаймын. Бұл себепсіз сыйлық, ол әлі ештеңе білмейді. Қазір үйге қонаққа тамаққа шақырдым», - дейді әнші видеода.

Көп ұзамай өнер иесі әкесіне көлік кілтін табыстайды.

«Осылай әрқайсыңызға себепсіз ата-аналарыңызды қуанту бұйырсын. Есеп бойынша нешінші көлік екенін білмеймін, 2-3 жыл сайын жаңартамыз», - деп түйіндеді М.Әуелбекова.