Әнші Мөлдір Әуелбекова 7 жасқа толған ұлына қымбат пәтер сыйлады
Әнші жақында жеті жасқа толып, туған күнін атап өткен ұлы Салтайға құны 60 млн теңге тұратын пәтердің кілтін сыйлады, деп хабарлады Elorda.info
Ұлына сыйлаған пәтеріне кірген сәтін Әуелбекова өзінің Instagram парақшасында жариялады.
Оған әлеуметтік желі қолданушылары;
-->
Ұлына сыйлаған пәтеріне кірген сәтін Әуелбекова өзінің Instagram парақшасында жариялады.
Ұлымның құны 60 млн теңге тұратын сыйлығы осы. Баламның қалауы пәтер болатын. Менің тағы бір үлкен жетістігім, қуаныштан бір жылап алдым. Қолдаушы ата-анама және алға жетелеуші ұл-қызыма рақмет. Тілекші халқыма алғыс айтамын. Жұғысты болсын", - деп жазды әнші.
Оған әлеуметтік желі қолданушылары;
«Алла үйіңнің ішін берекеге толтырсын, ұл-қызыңды салихалылардан етсін! Осы өмірде пәтермен қуантқан Аллаһ, ақыретте жәннаттағы үйіңмен сүйіншілесін!!!»
«Осылай ата-анамызды, балаларымызды, бауырларымызды қуанту бұйырсын Иншаллах»
«Құтты үй болсын. Әрбір ана мен бала бақытты болсыншы»,- деген ақ тілектерін жаудырып, құттықтау жазбаларын қалдырды.