Әнші Әлішер Каримовтың әке атанғаны рас па?
Танымал әнші Әлішер Каримов «1001 түн» бағдарламасында өнері мен өмірі туралы айтып берді, деп хабарлады Elorda.info.
Әнші бағдарлама барысында елордада шығармашылық кеш ұйымдастыратынын айтты.
Сондай-ақ, Әлішер Каримов қуанышты жаңалығымен де бөлісті.
-->Әнші бағдарлама барысында елордада шығармашылық кеш ұйымдастыратынын айтты.
Биыл сахнада жүргеніме 20 жыл толады. Сол мерейтойға сәйкес Астанада концерт беремін. Бастан-аяқ жанды дауыста өтеді. Негізі сахнаға 5 жасымда «Әнші балапан» байқауында шыққанмын. Содан есептесек 33 жыл болады екен. Бірақ өзім үлкен сахнаға аяқ басқан кезімнен бастап есептеуді жөн көрдім. 2004 жылы Super star.kz жобасында «Әлия» әнін айтып, елге танылдым. «Әнші балапанға» да кездейсоқ шыққанмын. Әкемнің әпкесінің баласы қатысуы керек еді, оның тісі түсіп қалып, орнына бір апта мені дайындап, шығарып жіберген. Содан ән айтып кеттім, – дейді әнші.
Сондай-ақ, Әлішер Каримов қуанышты жаңалығымен де бөлісті.
Әке атанғаным рас. Тіпті екі мәрте атандым. Бірақ өзімнің балаларым емес. Дұрысында «өкіл әке» болдым. Бір досым ұлды болып және директорым қызды болды солар мені «өкіл әке» етіп бекітті. Мен қарсы болмадым. Болашақта өз балаларыма әке болуға дайындалып жатырмын. Негізі қазір үйленуге де дайынмын. Бірақ шығармашылық кешімді өткізіп, елді аралап концерт бергеннен кейін үйленгім келеді. Тойға ақша жинап алуым керек. Қазір бар ойым – концертімді абыроймен өткізу, – деді өнер иесі.