Шоу-бизнес

Әнші Кеңес Әлімжан жол апатына түсті

Танымал әнші Кеңес Әлімжан жол апатына түсті. Бұл туралы Elorda.info.kz хабарлайды. 

Оқиға Тараз өңірі маңында болған. Өнер иесі тойға асығып бара жатқан. Әнші басқарған көлікке қарсы беттен қатты жылдамдықпен, адам толы Alphard шыққан.

“Құрметті жақсылар! Барша жанашырларыма рақмет! Әлеуметтік желіден менің жол апатына түскенімді оқып жатырсыздар! Аллаға шүкір, аман-есенбіз. Жайсыз хабардың таралып кетуін қаламаған едім. Бірақ жан-жақтан хабарласып, тілеулес болып жатқан ағайынға мың алғыс! Дұрыс ұйықтап жүріңіздер! Ұйықтамағанның кесірінен қалғып кетіп, жолдан шығып кеттім. Қарама-қарсы бағытта келе жатқан көлікке соқпай, өтіп кеттік. Менің жағдайым жақсы. Темір де орнына келер. Ең бастысы, аман қалдық”, – деді әнші.