Шоу-бизнес

Әнші Бүркіттің анасы келініне өлең арнады

Бұл туралы видеоны әнші Бүркіт өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Мұнда әншінің анасы келініне өлең оқып жатқанын көруге болады.

«Артық қылық көрсетпей, қиылып тұрған келінім. Жақсы ісіме таңданып, қызығып тұрған келінім. Артық ауыз сөйлемей, сызылып тұрған келінім. Қас-қабағын үлкеннің аңғарып тұрған келінім. Жаңалық көрсе қызығып, таңғалып тұрар келінім. Атасының батасын сұрамай алған келінім. Абайлап сөйлеп, әдептен шыға алмай қалған келінім. Қулығы жоқ қуара, болмай тұрар келінім. Мәмілені айқайсыз, қолдайтұғын келінім. Көп алдында сүйкімін жоғалтпайтын келінім», - деді әншінің анасы.