Әнші Қарақат Әбілдина тұрмысқа шыққан сәтін есіне алды (ВИДЕО)
Танымал әнші Қарақат Әбілдина осыдан 20 жыл бұрын тұрмысқа шыққан сәтін есіне алды, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Өнер иесі 20 тамыз үйлену тойы болғанын бөлісті.
«Бүгін – біздің отбасымыз үшін ерекше күн. Дәл осы 20 тамыз күні ақ некеміз қиылып, жаңа өмірге қадам басқан едік.
Инстаграм болмаған шақта да бұл күн елеусіз қалған емес, жыл сайын шүкіршілікпен еске аламыз.
Былтыр күміс тойымызды атап өттік білесіздер. Тойдың ерекше сәті алғаш некемізді қиып, батасын берген Лесбек қажының ширек ғасырдан кейін бақыт тойымыздың тағы да куәсі болып, ортамызда болғаны еді.
Біз үшін үлкен қуаныш, терең мәні бар сәт. Міне, сол алғашқы сәт пен былтырғы күміс тойымыздан шағын естелік видеосын бөлісіп отырмын. Қарап отырып, бір сәтке, сол жылдарға қайта оралғандай болдым. Әр шаңырақ мешітте Алланың разылығы үшін ақ некемен басталуы тиіс. Бірақ біздің заманда мешітте неке қию деген үрдіс болмаған. Біз алғаш бастаған сол ізгі жолдың кейін қалыпты дәстүрге айналғанын көру өз алдына бір қуаныш», - деп жазды әнші.