Наркенже Серікбаева бірінші күйеуімен не үшін ажырасқанын айтты
Танымал термеші әрі эстрада әншісі Наркенже Серікбаева алғашқы некесінің сәтсіз болғанын айтты, деп хабарлады Еlorda.info.
Бұл туралы әнші "Менің өмірім" бағдарламасында айтты.
Сондай-ақ әнші қазіргі күйеуін Алладан сұрап алғанын айтты.
Айта кетейік, әншінің екі некесінен қос қызы бар.
-->Бұл туралы әнші "Менің өмірім" бағдарламасында айтты.
Тағдыр ғой ол. 17 жасар қызбын. Ақыл тоқтатпаған... Екі жақ бірдей демеп отырса, қазіргі жастар да ажыраспас. Мен өте ерке болдым. Он бірдің кенжесі, әкемнің қызы болғанмын. Анам бір-ақ рет ұрған. Онда да ұршығының жібін үзіп тастаған кезде. Әпкелерім, ағаларым ұрмаған. Еркелік қой таза... Ол жақ та демеп: "Ол саған қатын болмайды", - дегеннен гөрі, қосып жіберсе, тағдыр басқа болар еді. Менің бір жақсы қасиетім бар. Артқа үңілмеймін. Бәрі менің алдымда, - деді Наркенже Серікбаева.
Сондай-ақ әнші қазіргі күйеуін Алладан сұрап алғанын айтты.
Қазіргі жолдасым Аллаға шүкір. Мен шынымен Алладан сұрадым. "Жақсы ер азамат сыйлашы. Мүмкін аманатыңа қиянат жасап жүрген шығармын. Бір ер азамат сыйлашы, алақаныма салып көрейін", - дедім. Мүлдем ұрыспаймын деп айта алмаймын, кейде болады", - дейді әнші.
Айта кетейік, әншінің екі некесінен қос қызы бар.