Шоу-бизнес

«Нағыз патриот екен»: Илья Ильин қызының тұсауын кестірді

Спортшы Илья Ильин мен жұбайы Татьяна қыздарының 1 жас туған күнін атап өтті, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Туған күн барысында қазақы дәстүрмен тұсаукесер рәсімі де өткен. Тіпті 1 жасар Аилидің қазақша көйлек пен қамзол, үкілі тақия секілді қазақы нақышта киінгені көпшілікті таң қалдырған сыңайлы.

Бүлдіршіннің тұсауын тележүргізуші, журналист Динара Сәтжан кесті.

«Әрдайым жолың болсын! Аяғыңды нық баса ғой, балапан. Құдай берген барлық әлеуетіңді іске асыра біл! Жаныңда әрқашан мейірімді және жақсы адамдар болсын! Қазақстанның жұлдызы әрі мақтанышы бол!

Илья, Татьяна, Сіздерді тәп-тәтті қыздарыңыздың бірінші туған күнімен құттықтаймын. Сенімдеріңіз үшін рақмет!», - деп жазды Динара Сәтжан. 

Желі қолданушылары спортшының қазақы дәстүрмен той жасап, қызын қазақы нақышта киіндіргеніне риза болып, ақжарма тілектерін жаудыруда.

«Илья мен жұбайы, жарайсыңдар! Нағыз патриот екенсіңдер», «Балапанды қазақша киіндеріп қойғаны қандай әдемі. Бақытты балалық шақ тілеймін», «Илья менің жерлесім. Біз сенімен мақтанамыз. Қызымыздың басқан қадамы оң болсын», «Мәссаған, қандай керет көрініс, жүрегім елжіреп кетті. Біздің дәстүрді сыйлағандарыңа рақмет», «Құттықтаймыз, Ильяның мына ісі көп адамға үлгі болды», - деп жазды олар.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Dinara Satzhan (@dinarasatzhan)