«Мына сыйлыққа ешкімді қоспай, өзім бердім»: Гүлзира Айдарбекова ұлына естен кетпес сыйлық жасады
Танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова жақында 36 жасқа толған ұлы Қайрат Нұртасқа ақ алтын сыйлады, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Желіде тараған бейнежазбадан Гүлзира Айдарбекованың ұлының туған күнімен құттықтап, мойнына ақ алтын таққанын көруге болады. Сондай-ақ ол ақ алтынның салмағы 30 грамм екенін атап өтті.
«Мойныңда жарқырап жүрсін деген ниетпен ақ алтын алқа сыйлап жатырмын. Халықтың ақ алтын баласы. Өте ауыр, мойның көтерсін»,- деді Қайрат Нұртастың анасы.
Бейнежазбада Гүлзира Айдарбекованың екінші ұлы Заңғар Нұртас бұл сыйлықты барлығы қосылып алғанын айтып, әзілдеді. Танымал продюсер сыйлықты өзі алғанын айтты.
«Мына сыйлыққа ешкімді қоспай, өзім бердім. Қалғандарың өздерің сыйлаңдар»,- деді ол.
Сонымен қатар ұлы Қайраттың талантын айтып, оған бар жақсылықты тіледі.