Шоу-бизнес

«Миға су толып кеткен»: Жазира Байырбекова анасының ауруы туралы айтты

Әнші Жазира Байырбекова анасының сырқаты туралы «Жақсы адамдарым» бағдарламасында айтып берді, деп хабарлады Elorda.info.

Өнер иесінің айтуынша, анасы біраз уақыттан бері ауыр дертке шалдыққан.

 Жазира Байырбекова сексеннен асқан енесі туралы да айтып өтті.

-->

Әнші Жазира Байырбекова анасының сырқаты туралы «Жақсы адамдарым» бағдарламасында айтып берді, деп хабарлады Elorda.info.

Өнер иесінің айтуынша, анасы біраз уақыттан бері ауыр дертке шалдыққан.

Анам өткенде бір қорқытып қойды. Қазір Аллаға шүкір, жақсы. Маған анама қараған, жағдайын жасаған, жолдан шаршап келсем де, анама хабарласқан ұнайды. Қазір өзімізге жақын жерде тұрады. Анамның мінезі биязы, өзі бала сияқты. Мұны әкем де үнемі айтып отырады. Біреуге біреу қатты сөз айтып жатса, анам бір шетте отырып, қиналып кететін. Оның қасында көңіл-күйді көтеретін әңгіме айтуға тырысамыз. Қазір анама балаша қарап, мәпелеп отырамыз.

Анам бізбен кездескен сайын қатты қуанады. Бірақ ертесіне есінде ештеңе қалмайды. Дәрігердің айтуынша, миға су толып кеткен. Ұмытып қалса, да бізге анамызды қуантатын мүмкіндік бар. Соған шүкір дейміз, - деді әнші.

 Жазира Байырбекова сексеннен асқан енесі туралы да айтып өтті.

Аралдағы анамыз көп адамға ұқсамайтын қайсарлығымен көзге түсіп жүрген ерекше ана десек болады. Біздің әулет те, көршілер де енемнен ақыл сұрап келеді. Өзінің келіндері түгілі, өзге әулеттің келіндері де аяқ тартып, бетіне тік қарамайды. Қазір жасы 80-нен асып кетті. Үлкен кісі қазына ғой. Біздің балаларымыз үйленіп, немерелі болғанша жүре тұрса екен деймін. Өйткені олардың жай ғана отырғаны баланың санасына тәрбие береді.

Енем ауылда, анда-санда бізге келіп тұрады. Келін болғаныма 27 жылдан асты. Мені өз қызындай көріп кетті. Енем көп мақтау сөз айтатын адамдардың қатарынан емес. Бірақ, бір сөз айтса мәз боп қаламыз. Өткенде «Сен менің басымдағы бағымсың, маған сені Алла жіберген ғой» деді. Соған мәз боп қалдым, - дейді әнші.