Шоу-бизнес

Медеу Арынбаев талма ауруын қалай жеңгенін айтты

Бұл туралы танымал әнші, композитор Медеу Арынбаев «Динамен дұрыс» бағдарламасында айтты, деп хабарлады Elorda.info. 

Әнші бұл ауруға 2000 жылдың басында тап болған. 

Әншінің сөзінше, ол талма ауруы салдарынан төрт рет көлік қақтығысына тап болған.

-->

Әнші бұл ауруға 2000 жылдың басында тап болған. 

2000 жылдан бастап талма ауруына тап болдым. Ес жоғалту, сіресіп қалу басталды. 1993 жылдары жаспыз, мейрамханадан шығып жатқанда үш жігіт тепкілеп кеткен еді. Сол жеті жылдан кейін сыр берді ме екен деймін. Бәрі елу де елу. Сол соққыдан немесе тума пайда болған нәрсе деп ойлаймын. Бастапқыда жылына екі рет болатын. Содан келе ушығып, екі-үш айда бір рет бола бастады,- деді Медеу Арынбаев.

Әншінің сөзінше, ол талма ауруы салдарынан төрт рет көлік қақтығысына тап болған.

Сахнада ұстап қалды, сіресіп қалдым. Төрт рет қала ішінде көлік жүргізіп келе жатқанда болды. Төрт рет көлік қақтығысы болған. Бір рет маңызды шарада маңызды сәтте сіресіп қалып, сахнадан алып кетті. Сол кезде қара тізімге түсіп қалдым ба деп қорықтым. 10 сағат бойы ота жасады. Содан кейін жағдайым жақсы. Міне, төрт жарым жылдай менде қайталану жоқ. Жағдайым тұрақты, концерт бойы ән айта аламын, – деді әнші.