«Масқара болдық»: Нұрболхан Шарапов келеңсіз оқиғаны есіне алды
Нұрболхан Шарапов келеңсіз оқиғаны есіне алды, деп хабарлайды Elordainfo.kz.
Әзілкеш мектепте оқып жүргенде ұрлық жасағанын мойындады.
Одан кейін оқиғаның қалай аяқталғанын да айтып берді. Айтуынша, анасы асхананың иесіне баласын апарып берген.
-->Әзілкеш мектепте оқып жүргенде ұрлық жасағанын мойындады.
Сол оқиға әлі есімнен кетпейді. Тіпті сыныптастарым да хабарсыз. 7-8-сыныпта оқитын кезім. Мектептің асханасында тортты тіліп сататын. Бір бөлігі – 15 теңге. Біздің үй мектептің дәл жанында болды. Асханасы үйдің іргесіне тиіп тұратын. Мектепке барғанда тортты сатып алып, күні бойы жеп жүреміз. Бір күні туған ағам «ұрлыққа түсейік» деді. Түнгі 12-де асханаға келдік. Сатушы түнде пісіріп, таңертеңге дайындап, қойып кеткен. Есікті сыммен ашып, ішке кірдік. Тортқа тойып, қайтадан ізімізді жасырдық. Ертеңіне мектепке барып, адамдардың әңгімесін тыңдаймыз. Ешкім ештеңе демейді. Білмей қалады деп ойлап, екінші күні тағы түстік. Күнде екі бүтін торт жейміз. Бір кезде «асханаға ұры түсіпті» деген сыбыс естілді. Ешкім білмей қалады деп ойлап, тағы да ұрланып кірдік. Енді тортты аузымызға сала бергенде біреу ұстап алды. Асхананың меңгерушісі қызын аңдуға қойып қойған екен. Бетімізге дәу жарық түсті. Сол жерде айқай-шу басталды. Үйдегі анам да естіді. Шағын ғана ауыл болғасын, бәрі естиді. Масқара болдық, – деп есіне алды өнер иесі.
Одан кейін оқиғаның қалай аяқталғанын да айтып берді. Айтуынша, анасы асхананың иесіне баласын апарып берген.
Сынып жетекшімнен қатты ұялдым. Ол – асхананың бастығы еді. Анам ұрып-соғып жүріп, апайдың үйіне апарды. Ұстазымның есімі – Жариягүл. Ағам екеуіміз тізерлеп отырып, кешірім сұрадық. Ұсталып қалғаннан кейін «Сынып жетекшім мектептің алдына шығармаса екен» деп ойладым. Онсыз да мектепте жақсы атымыз шықпайды. Апайымның алдында ұялғаным-ай. «Өлтірем десең, балам міне» деп анам мені желкелеп тұрды. Сол оқиға есімнен кетпейді, – дейді актер.