Мәдина Сәдуақасова туған күніне жақындары не сыйлағанын көрсетті
Көпке танымал әнші туған күнінде жақындарынан алған сыйлықтарын өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында көрсетті, деп хабарлады Elordainfo.kz.
«Сыйлықты кім жақсы көрмейді? Әнуар өзінің жинап жүрген ақшасына Apple наушник алып берді. Ата-анам, бауырларым, әріптес, дос-құрбыларымнан, не бір күшті сыйлықтар келді. «Күйеуің не сыйлады?» дейсіздер ғой. Машинаға қысқы дөңгелек. Бұл видеоға жараспады. Шын жүректен айтылған тілек, берілген сыйлық, гүл, дөңгелек бәрі мен үшін қымбат. Рақмет», - деп жазды әнші.
Ал желі қолданушылары әншіні туған күнімен құттықтап, жылы лебізін білдіріп жатыр.
«Керемет. Құтты болсын. Бақыттың баяндысын тілеймін. Игіліңізге ұстаңыз», - деп жазуда желі қолданушылары.