Шоу-бизнес

Ұлы дала баласы Төреғали Төреәлі көше сыпырып жүр

Көпке танымал әнші Төреғали Төреәлі сот шешімі бойынша 40 сағаттық қоғамдық жұмысқа тартылған болатын, деп хабарлады Elorda.info.

 

Ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында көше сыпырып жүрген видеосын жариялады. Осылайша  әнші сот жазасын орындап жатқанын айтты. 

-->

 

Ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында көше сыпырып жүрген видеосын жариялады. Осылайша  әнші сот жазасын орындап жатқанын айтты. 

Соттың шешімі бойынша, 40 сағаттық қоғамдық жұмыс тапсырған болатын. Түске дейін саябақта болдық. Енді осы жерді тазалап жатырмыз. Бұл менің тәуелсіз Отаным,  елім, тәуелсіз Қазақстаным. Әлбетте, әнұраны, көк туы бар елдің міндетті түрде заңы болады. Ол заңның алдында барлығымыз бірдейміз. Оған бағынуымыз керек. Міне, ұлы дала баласы ұлы даланы сыпырып жатыр. Тазалық сақтау – сүннет. Өз жатқан-тұрған жеріңді таза ұстау, ертең ас ішетін ыдысыңды бүгін жуып қою деген тазалық. Ал тазалық иманнан емес пе?, - деді әнші.