Шоу-бизнес

Әли Оқаптың әйелі оның тосыннан сөз салатынын білмегенін айтты

Ақерке Бүркітбай "Мамский әңгіме" подкастында Әли Оқаповтың оған қалай сөз салғаны туралы баяндап берді, деп хабарлады Elorda.info.

Әншінің сөзінше, ол Әли Оқаповпен арасындағы қарым-қатынасы туралы жария еткісі келмеген. "Енді тіпті жасырып жүрдік деп те айта алмаймын. Бірақ әлеуметтік желіге салмадық. Мүмкін біз туралы көп адамның білмегені содан да шығар. Жақындарымыз, қасымызда күнделікті араласатын достарымыз, әрине, біліп жүрді", - деді ол. Оның сөзінше, осы жылы отбасылы болғандарына үш жыл толады. 

Осы ретте Ақерке Бүркітбаева әнші Әли Оқаповтың өзіне қалай ұсыныс жасаған да айтты. Бұл ол үшін нағыз тосынсый болған. 

Ақеркенің айтуынша, Әлидің өзіне ұсыныс жасайтынына соңына дейін сенбей келген. Тіпті, сөз салар алдында да "Мен алдандым" атты қазақстандық жобаның форматындағы әзіл шығар деп ойлаған. 

Ақерке Бүркітбайдың айтуынша, Әли Оқапов оған 2020 жылғы 8 шілдеде ұсыныс жасаған. Еске сала кетейік, бұған дейін әнші, қобызшы, актриса, жақында ана атанғаны белгілі. 

-->

"Сөз салғаны өте қызықты болды. Мен күткен жоқпын. Мен оған дейін үш күн сериалдың кешкі түсірілімінде жүргенмін. Сериалда басты рөлде едім. Ал күндізгі уақытта жарнама түсірілімінде болатынмын. Сөйтіп, бір уақытқа бірнеше жұмысты алып қойыппын. Үш күн дұрыс ұйықтаған жоқпын. Әли сол ұйқым қанбай, шаршап-шалдығып жүрген кезімде сөз салуға шешім қабылдапты. Кейін оған: «Басқа күнді таңдауға болмас па еді, мен кішкене қыз болып, көйлек киіп, әдеміленіп, шаршамай барар едім ғой", - деймін. 

Ақеркенің айтуынша, Әлидің өзіне ұсыныс жасайтынына соңына дейін сенбей келген. Тіпті, сөз салар алдында да "Мен алдандым" атты қазақстандық жобаның форматындағы әзіл шығар деп ойлаған. 

«»Ойымда түк жоқ, көлікте келе жатырмын. «Үш күн жақсы жұмыс жасадым, Аллаға шүкір» деп қоямын ішімнен. Трамплинге көтеріліп жатырмыз, гүлдер, адамдар, күн батуда... Әлдекімнің сүйген қызына сөз салайын деп жатқан сәті. «Қандай бақытты! Супер!» деп қоямын. Тіпті маған ұсыныс жасайды-ау деп деген ой мүлдем жоқ. Көліктен түссем, достарымыз жүр. «Дос қыздарымыздың ішінде басы босы кім, соның біреуіне ұсыныс жасалғалы жатыр» деп ойладым. Сосын Әлиді көрдім, оның үстіне, жан-жағыма қараймын. «Мен алдандым» деген жоба ма деп ойладым. Соңына дейін сенбедім. Бағдарлама жүргізушілері Еркебұлан мен Маратты іздеп тұрмын. Әли бері қарай ұшып келе жатыр. Қолында гүл мен сақина. Енді бірдеңе сезе бастағандаймын. Үстімде футболка, джинсы, сосын бір күнде 300 бас киім киіп жарнамаға түскен шашымның жағдайы қандай екені айтпаса да түсінікті ғой.  Ішімнен: "Туф, мен көйлек киіп келетін едім ғой білгенде" деп қоямын. Сол кезде, шынымды айтайын, қуаныштан жылап жібердім. Бәлкім, күтпегендіктен шығар... Сондай әдемі, ерекше, есте қаларлық сәт болды", - деп әңгімеледі б9л туралы актриса. 

Ақерке Бүркітбайдың айтуынша, Әли Оқапов оған 2020 жылғы 8 шілдеде ұсыныс жасаған. Еске сала кетейік, бұған дейін әнші, қобызшы, актриса, жақында ана атанғаны белгілі.