Шоу-бизнес

"Ұлдарым тұрмыс құруыма қарсы": Сиви Махмуди жеке өмірінен сыр шертті

Танымал әнші Сиви Махмуди жеке өміріндегі соңғы жаңалықты бөлісті. Ол бұл туралы “Менің өмірім” бағдарламасында. 

“Жолдасыммен ресми ажырасқанымызға сегіз жыл болды. Бірақ халық әлі мені сол кісімен қатар атайды. Өткенде істі болғанда да көп жазды. Жеке дара етіп жазуларыңызды сұраймын. Балаларымның әкесімен араласпаймыз. Ешқашан хат-хабар алып, жағдай сұрасқан емес. Бұрынғы ата-енем де немерелерін іздеген емес. Қазір балаларым әкелерінің тегін алғысы келмейді. Тіпті, болашақта зияны тие ме деп те ойлаймын. Сондықтан үш баламды да Махмуди деп жаздырамын. Әкесінің аты жазылатын жер бос тұрады. Менің де жеке құжатымда әкем аты жазылмаған. Балалардың өтінішімен құжат алмастыру процесін бастап кеттік”, – деді Сиви.